Қала карантиндік жеңілдіктің екінші кезеңіне дайындалып жатыр
31- тамыздан бастап карантин тағы жеңілдетіледі. Келесі аптада жұмысын бастайтын қаладағы бірқатар нысандар қазір қызу дайындыққа кірісіп кеткен. Ең бастысы санитарлық талап қатаң сақталуы керек. Дәлірек айтсақ, дүйсенбіде жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер қызметін қайта бастайды. Солардың бірі - Қаладағы "Дельфин" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Қазір ғимарат талапқа сай қызмет көрсетуге дайын. Әсіресе хауыздың ашылуын балалар асыға күткен. Сонымен қатар діни нысандар да қызметін бастайды. Бірақ ұжымдық шаралар өткізуге болмайды. Келушілер міндетті түрде маска тағып, жеке-жеке қабылдануы керек.
Қала тұрғындарының пікірінше, карантин жеңілдетілгенмен сақтық шараларын ұмытпау керек. "Көппен көреміз" деген көпшілік, ел басынан өткен қиыншылықты ұмытпай, денсаулыққа көңіл бөлуге кеңес берді. Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, қалааралық, облысішілік автобустар, шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
Количество показов: 840
Дата создания: 27.08.2020 19:29:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>