Қала дәріханаларында вирустық ауруларға қарсы дәрі жеткілікті
Биыл өткен жылмен салыстырғанда қала дәріханаларында дәрі жеткілікті. Фармацевт мамандарының сөзінше, баға да тұрақты.Тұрғындардың арасында өткен жылмен салыстырғанда дәріні себепсіз сатып алу азайған. Тұрғындар соңғы уақытта аллергиялық аурулар мен жедел ішек аурулары көбейгенін айтады. Мына тұрған ақтөбелік тұтынушыны маусымдық аллергия титықтатып жіберген. Іздеген дәрісін 4 дәріханадан да таппағанын айтады. Фармацевт мамандарының сөзінше, қалада дәрі жеткілікті. Шектеусіз сатылып жатыр. Баға да тұрақты. Өткен жылмен салыстырғанда қала тұрғындары дәріні себепсіз сатып алуды доғарған. Басым көпшілігі дәрігер жазып берген қағазбен келеді. Ақтөбеліктер арасында антибиотик, қақырық, қызу түсіретін, вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті жиі тұтынатындар бар.
Ақтөбеліктердің басым көпшілігі вирустан сақтанатын дәрілер мен иммунитетті көтеретін дәруменді сатып алмайтындарын жасырмады. Көбісі үйден өздері емделсе, басқалары дәрілік шөптерден жасалған тұнбалар ішетіндерін айтады.
Тұрғындар жиі сатып алатын антибиотиктер кей дәріханаларда 130 теңгеден басталып, 4200 теңгеге дейін аралықта сатылымда. Парацетомол 80 теңге, аспирин 100 теңге, ингавирин 4200 теңге, АЦЦ 1600-3000 теңге аралығында.
Количество показов: 688
Дата создания: 05.08.2021 18:52:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>