Қалаға 25 цистерна газ жеткізілген
Сұйылтылған мұнай газын өткізу 2022 жылғы қаңтарда электрондық сауда-саттыққа толығымен көшеді. Ол үшін Қазақстанда "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға түзетулер енгізілді. Осы түзетулер шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, сұйылтылған мұнай газын электрондық сауда алаңына кезең-кезеңімен көшіру кестесін әзірлеген. Осы жылдың соңына дейін жалпы көлемнің 80 пайызын көшіру көзделген. Қазан айындағы жағдай бойынша сұйылтылған газ көлемінің 65 пайызы электрондық сауда алаңы арқылы өткізіледі. Ал әкімшілік кедергілерді азайту үшін 2022 жылғы 1- қаңтардан бастап газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою көзделуде. Бүгінгі таңда қалаға 25 цистерна газ жеткізілген. Сұйық отынды газ толтыру станцияларына жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Жем станциясына 10, Қандыағаш станциясына 6 цистерна сұйылтылған газ жеткізілді.
Количество показов: 586
Дата создания: 11.10.2021 19:31:42