«Adal Urpaq»-2 жастар форумы өтті
Адал ұрпақ форумы қаламызда 2 күннен бері жалғасын табуда. Форумның бірінші күні әскери қызметшілері мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мед.университетінің студенттеріне арналады. Аталмыш шарада құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру жайында тақырыптар қозғалды. Форумның басты қонағы Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы болды. Әлеуметтік желі мен БАҚ ты қатар алып жүрген дін өкіліне жастардың сенімі мен ілтипаты зор. Дінді жұмсақ әрі қарапайым тілмен жеткізетін имамды көруге студенттер сарайын жиналғандардың қарасы көп. Мәртебелі мейман жастарға өсиетін айтып, білім алуға шақырды,ел болағашы жастардың қолында екенін тілге тиек етті. Нұрлан имам еліміздегі күрделі мәселелердің бірі отбасылық құндылықтар жайлы да сөз қозғады. Сонымен қатар дін мен дәстүр үйлесімін, үндестігін сақтау маңыздылығын алға тартты. Жастардың жат ағымға бет бұруының алдын алу, ата дәстүрді ұлықтау жөнінде әңгіме өрбіді. Форумда жастар кеш қонақтарына көкейкесті сауалдарын қойып, тікелей жауап алды. Шараға 800 ге жуық қала жастары қамтылды.Количество показов: 218
Дата создания: 23.10.2024 06:39:42