"Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары"
Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa,-атты өлең жолдарын немесе "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы" сияқты әндерді білмейтін қазақ кемде кем. Тек қазақ емес, Абайды күллі әлем таниды. Ол рас. Оның шығармалары түрлі тілге аударылып, еңбектері өшпес мұраға айналған. Ақтөбеде ұлы ақынның туған күнінен орай апталық басталды. "Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары" атты әдеби кеш С.Жиенбаев атындағы жасөмспірімдер кітапханасында өтті. Мақсаты-хакім Абайдың шығармаларын кеңінен насихаттау, жастарды кітап оқуға баулу. Өскелең ұрпақ ұлы ақынның тәлім-тәрбиеге толы шығармаларын жатқа білуі тиіс. Мектеп бағдарламасынан бөлек, Абайтану курстарын көбірек ашу,-керек деген пікірде зиялы қауым өкілдері. Бүгінгі іс-шараға қатысқан балғындар Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінді оқып, өлеңдерін жатқа айтты, 45 қара сөзіне шолу жасады. Шара барысында жастар ұлы Абайдың терең мағыналы қара сөздері мен өлеңдерін оқып, әдеби караокеде "Айттым сәлем Қаламқас", "Көзімнің қарасы" әндері шырқалды. "Сұрақ-жауап" ойыны ойнатылып, кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесі оөырманға ұсынылды.Количество показов: 467
Дата создания: 07.08.2024 06:01:22