Ақтөбенің экологиясы қашан жақсарады?
Жыл өткен сайын Ақтөбенің экологиялық жағдайы нашарлап барады. Бұған өндірістен шыққан улы газдар, климаттың құрғауы секілді түрлі факторлар себеп болып отыр. Ауа құрамындағы күкіртті сутектің мөлшері нормадан көп. Ал судың сапасы сын көтермейді.Жыл сайын жазда тұрғындар тұншығады. Ақша бөлініп жатыр, жобалар да аз емес. Әйтсе де нәтиже жоқ. Ақтөбеге іс сапармен келген мемлекет басшысы экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл тапсырмасын қалай орындайтындықтарын пысықтады. Алпауыт кәсіпорындарға талапты күшейту, қоршаған ортаны ластап отырған мекемелерге нақты шара қолдану. "Ақбұлақ" су кәріздерін жаңарту. Сондай-ақ, қаланың санитарлық жағдайын реттеу. Мұның барлығы уақыттың еншісінде. Қоғамдық кеңес отырысында қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстары бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстар талқыланды. Атап кетер болсақ, биыл Авиатор шағын ауданындағы саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жарықшамдары ауыстырылып, орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері орнатылды. Сондай - ақ, жиын барысында Ақтөбе қаласында қоғамдық кеңістікті құру жобалары талқыланды. Оның ішінде Әбілқайыр хан даңғылын, Есет батыр көшесі мен Қоныс аудандарын абаттандыру жұмыстары бойынша жобалық - сметалық құжат әзірленіп жатқандағы айтылды. Жұмыс 2024 жылы басталатын болады.Количество показов: 413
Дата создания: 08.12.2023 22:59:46