Ақтөбеліктер полицияға 18 қару тапсырды
Мәртөк ауданының бір тұрғыны тәртіп сақшыларына 2 тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды. Ол қаруды тауып алғаннан кейін, не істерін білмеген. Әлеуметтік желілерде қару-жарақ сатып алу бойынша акция жүріп жатқанын көріп, полицияға хабарласқан. Енді полиция қызметкерлері қарулардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын тексереді. Қару-жарақты ерікті түрде тапсырғандар сыйақы алады. Әр қару үшін оның техникалық жағдайына байланысты комиссия шешіміне сәйкес оннан жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін төлем тиесілі. Сыйақы азаматтардың шотына аударылады. Тәртіп сақшылары ақтөбеліктерге жеке мүлкіне сақ болуды ескертеді. Әсіресе ұялы телефонға қырағы болған жөн. Себебі, ұрлықтың осы түрі соңғы уақытта жиілеп кеткен. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше алаяқты ұстады.
Количество показов: 757
Дата создания: 03.07.2020 19:52:30