Ақтөбеліктер негізсіз айыппұлға қарсы
Қыстың көзі қырауда көлік жүргізушілері үшін жолда жүру оңай емес. Жолға шықпас бұрын көлікті қыздырудың өзі бір рәсім. Қыздыру уақытын сырттағы ауа температурасына қарай бағамдау керек екенін темір тұлпар иелері жақсы біледі. Ал қатты аязды күндері түнде бірнеше рет қыздыратындары да бар. Көліктен ауаға зиян көп. Әйтсе де, табиғат жанашырлары мұндай заңға түбегейлі қарсы. Эко белсенділер депутаттарды күні-түні буы бұрқырап тұратын зауытарға назар аударуды сұрайды. Атмосфераға зиянды ауа шығарындыларын бөліп отырған да осы кәсіпорындар деген пікірде.Күн райы -10, -15 градус аязда автокөлікті 5 минут шамасында қыздыру ұсынылады. Ауа температурасы – 20 градустан жоғары болса көлікті 10 минут, кейде одан да көп уақыт қыздыру қажет. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл заң нормасы қоғамда қызу талқылынып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілері зардап шегетіні баршаға мәлім. Еске салайық, бұған дейін енді қазақстандықтар көлікті 5 минуттан артық қыздырса, айыппұл төлейтіні хабарланды. Бұл ереже бойынша айыппұл мөлшері - 5 АЕК, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК болады.Количество показов: 415
Дата создания: 18.01.2025 10:10:36