Ақтөбелік триатлеттер "Ironmen-Астана" чемпионатынан жүлдемен оралды
Ақтөбелік триатлеттер "Ironmen-Астана" чемпионатынан жүлдемен оралды. Қоржында екі алтын мен бір қола медаль бар. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Әлемнің 56 елінен 2000- ға жуық спортшы қатысты. Павел Михайлов, Данияр Ізбасов пен Андрей Санацкий қола медаль алса, Владимир Михайлов пен Алексей Вшивцев 1-ші орынды қанжығалады. Мәреге алғашқы болып жеткендердің бірі жерлесіміз Алексей Вшивцев. 31 жастағы спортшы осылай еліміздің абсолютті чемпионы атанды. Енді ол 6-8 қазанда Гаваи аралдарында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ. Триатлон үш кезеңнен тұратын спорт түрі. Жүгіру дистанциясы, жүзіп өту мен велосипедпен жарыс. Арасында үзіліс болмайды. Триатлоннан кәсіби жаттықтырушы Алексейдің айтуынша, Ақтөбеде спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Жағдай да бар. Триатлоншылар "Достық" спорт кешенінде жаттығады, "Нұр Ғасыр" мешітінің артындағы саябақ та спорттың осы түрімен шұғылданатындарға арналған. Қатысушылардың жасы 10 мен 60- тың аралығында.Количество показов: 679
Дата создания: 16.08.2022 17:18:27