Ақтөбелік құрылыс компаниясының жұмысшылары айлықтарын ала алмай жүр
Хромтаудағы Дөң кен байыту комбинатының жұмысшыларына арнап көп қабатты үй салған құрылысшылар жалақысыз жүр. Еткен еңбектерінің ақысын алмағандарына үш айдың жүзі болыпты. Мердігер компания уәде еткен жалақысын бермеген соң, құрылысшылар бүгін бас көтерді. Қордаланған қарыздың жалпы сомасы 30 млн теңге. мердігер -"Сәудет құрылыс Сервис" серіктестігі. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың күзінде басталып, жаңа жылға дейін аяқталған. Жоспар орындалды. Ал уәде етілген айлық жоқ, дейді ашынған жұрт. Жұмысшылар Дөң кен байыту комбинатының әкімшілігіне де жолыққан. Тапсырыс беруші ақшаны толықтай аудардық депті. Әйтсе де құрылысшылар маңдай терімен тапқан айлықтарын көрмеген. Жұмысшыларды сан соқтырған компания өкілдері байланысқа шықты. "Сәулет құрылыс сервис" серіктестігі келер аптаның соңына дейін жұмысшылардың айлығын төлеуі тиіс. Адал еңбегінің ақысын талап еткендер мердігердің сөзіне сеніп тарқасты. Егер бір аптадан соң жағдай өзгермесе прокуратураға шағымданамыз, деп бекініп отыр.Количество показов: 625
Дата создания: 20.01.2024 00:36:20