Ақтөбеге туристердің қызығыушылығы өсіп келеді
Облысымызда Байғанин ауданындағы "Ақтолағай" борлы таулары мен Қарғалы ауданындағы "Қасқыр" сарқырамасынан бөлек Мәртөк ауданында "Аққайың" орманы, "Аққұм" құмдарымен, "Қарғалы" су қоймасы секілді көрікті орындар жетерлік. Қазіргі таңда бұл орындарды туристерге таныту, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, жарнама, маркетинг жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.Қала тұрғындары да облысымызда табиғаты ерекше, жайлы демалыс орындары бар екенін растады. Бірақ, облысымызда туризм саласы әлі де даму керектігін жасырмағандары да бар.
Айта кетейік, туристік орталықтың көмегімен туристер "Ақтолағай" үстіртіне 20 мың теңгеге барып келе алады. Ал, Мәртөк ауданындағы "Аққайың" орманын көру үшін адам басынан 8 - 9 мың теңге кетеді. Бұл ақыға таулы орындарда суретке түсу, жол ақысы, саяхаттау кіреді. Сондай - ақ, облысымыздағы тарихи - мәдени орындарға келіп демалатын шетел азаматтары да бар.
Количество показов: 453
Дата создания: 28.09.2023 02:37:48