Ақтөбеде жол қозғалысы балғын инспекторларының облыстық слеті өтті
Облыста жыл басынан бері 30 - ға жуық жол көлік оқиғасы болған. Салдарынан 30 - ға жуық бала дене жарақатын алды. 6 бала оқиға орнында қаза тапты. Осыған орай облыстық ПД жол көлік оқиғасын алдын алу, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларға жол жүру ережесін түсіндіру мақсатында түрлі шараларды қолға алды. Бүгін осы тақырып аясында №40 орта мектепте жас жол инспекторларының слеты өтті.Жас жол инспекторларының слетына облыстың 12 ауданынан келген оқушылар мен қала мектебі қатысты. Слет барысында балаларға жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, велосипедпен жолды қалай өту керектігі көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Былтыр дәл осындай жас жол инспекторларының слетында №41 мектеп жеңімпаз атанған. Биыл слетты жеңіп, жол жүру ережесін жете түсінген оқушылар республикалық кезеңге жолдама алатын болады.Количество показов: 324
Дата создания: 23.05.2024 05:52:24