Ақтөбеде жұмысшылар екі ай бойғы еңбегінің ақысын ала алмай жүр
"Жерұйық-консалтинг" серіктестігінде бірнеше ай жұмыс істеген ақтөбеліктер әділдік іздеп, шырылдап жүр. Тіпті еңбек иснпекциясына да барған. Күздің бел ортасында жазылған арыздың жауабы әлі жоқ. Жұмыс беруші оларды қызметтен босатып, еңбектерінің ақысын бермей тастаған.Бірнеше ай бойы медициналық сақтандыру жарнасы мен зейнетақы жарнасын да аудармапты. Жұмысшылар келісімшартқа сай тапсырысты толық орындаған. Екі ай бойы тынбай еңбек еттік, ал жұмыс беруші ақымызды жеп қойды, деп отыр. Еңбек иснпекциясына қазан айында арыз жазыпты. Күні бүгінге дейін жауап болмағанын айтады. Инспекция өкілі бұл ісі бойынша тексеру жүріп жатқанын тілге тиек етті. Егер компанияның заңбұзушылыққа жол бергені дәлелденсе тиісті шара қолданамыз, деп отыр. Ал екі ай бойы тер төгіп, жалақысын ала алмағандар күнкөрісіміз қиындап, отбасын асырау үшін қарызға баттық, дейді.
Количество показов: 141
Дата создания: 14.12.2024 11:01:18