Ақтөбеде үздік көлік жүргізушілері марапатталды
49 жастағы Жеңіс Биғалиевтің көлік жүргізудегі өтілі 25 жыл. Осы уақытқа дейін ол ереже бұзып көрмегенін айтады. Жолда асықпай, байыппен жүргенді ұнататын Жеңістің өзге де жүргізушілерге айтары осы. "Асықпаған арбамен қоян алар", дейді.Полиция қызметкерлері осындай үлгілі әрекеті үшін оны Полиция департаменті бастығының атынан алғыс хатпен марапаттады. Өзгелерге үлгі болу үшін мұндай рейд мегаполисте енді жиі өткізіліп тұрмақ. Әйтсе де, өңірде жол ережесін бұзатын жауапсыз жүргізушілер азаяр емес. Жүйіткіп жүріп, қарсы жолаққа шығып кету, рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлесу немесе мас күйінде көлік айдау деректері ай сайын тіркелуде.
Өңірде "Тасымалдаушы" алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Екі күннің ішінде полицейлер 400 ден астам құқықбұзушылық анықтапты. Оның 100 ден астамы жолаушы тасымалына қатысты. Жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жарысып айдау, алкаголь тұтыну деректері бар. Қарсы жолаққа екі жүргізуші шығып кетсе, жолаушы тасымалымен айналысатын №25 автобустың жүргізушісі рөлге мас күйінде отырып, көпке қатер төндірген.
Количество показов: 311
Дата создания: 17.01.2025 10:21:12