Ақтөбеде "Таза кәсіп-таза аймақ" акциясы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына облыс бойынша 279 мыңнан астам адам қатысқан. Оның 7000 ға жуығы мекемелер мен кәсіпорындар. Шара барысында 53 380 аула жиналып, 1 470 әлеуметтік нысан қамтылды,-дейді ұйымдастырушылар. Бұл акциядан жеке кәсіпкерлер де шет қалған жоқ. Өз жұмыс орындарының алдын абаттандырып, гүл, тал екті. Аула бағын күтіп ұстауда, жасыл желекті жайқалтуда бақша жұмысшысының еңбегі зор. Нина Доценко осы кәсіпорынға жұмысқа тұрғанына 12 жылдан асқан. Қазір бақшаның бастығы осы кісі. Түрлі алма сорттары бар мұнда. Көздің жауын алатын гүлдерден басқа, алмұрт, қарақат, шие, өрік пен басқа да 10-нан астам жеміс талдары отырғызылған.Количество показов: 381
Дата создания: 02.08.2024 05:08:31