Ақтөбеде мердігердің кесірінен тұрғындар зардап шегуде.
Ембі көшесінің тұрғындары бұл жерден танкіден басқа техника жүре алмайды деп отыр. Қақаған аязда жол қопарылып жатыр. Тұрғындар көліктерін аулаларына кіргізе алмай әлек. Бір жарым ай бойы көрген күніміз осы. Ауласына кіре алмағандар көліктерді осылай көшеге тастап кетеді. Аяқ алып жүру қиын болып кетті, дейді Ембі көшесінің тұрғындары. Естеріңізге сал кетсек Ембі көшесіндегі газ құбыры жаңартыла бастағанына да бір жарым айдай уақыт болды. Тұрғындар бұған дейін де бірнеше рет телеарнаға хабарласып, мердігер компания жолдың бәрін қазып тастағынын жеткізген болатын. Жақында ауырып жатқан адамға жедел жәрдем келіп, кіре алмай кетті. Аяғы ауыр келіншектер қазір мазасыздана бастады, дейді тұрғындар. Ал. "Тур Газ" ЖШС өкілі бір аптадан кейін газ құбырын тарту жұмыстары толық ақталады. Содан кейін жолды тегістеп береміз деп отыр.Количество показов: 366
Дата создания: 08.12.2023 22:56:55