Ақтөбеде газ тарату стансасынан ақау шығып, екі ауданды иіс жайлады.
9 қазан кешкі 21:45 тер шамасында Береке тұрғын үй ауданынан құбыр өртенді деген хабарлама түсті. Жедел апаттық қызметтер оқиға орнына барып, мән-жайды анықтады. Нәтижесінде газ қысымының күрт төмендеп кеткенінің себебінен құбырдың қақпағы ашылып, газ ауаға тарай бастаған.Шамамен 12000 текше метр газ ауаға тараған. Бірақ айналадағы үйлерге немесе ғимараттарға зияны тимеді,-деп отыр мамандар. Құбыр жабылды. Әйтсе де, тұрғын үйлерге газ беру тоқтатылған жоқ.Құбыр 2021 жылы бюджет есебінен салынған. Ал газ тарату желісін орнатқан мердігер енді кепілдік аясында олқылықты түзетуі тиіс. Қазір комиссия құрылып тексеріс жүргізуді бастап кетті. Газ неліктен ауаға тарап, құбырдың не үшін апаттық жағдайға әкелгені әзір белгісіз.
Количество показов: 656
Дата создания: 11.10.2023 00:44:19