Ақтөбеде "Еңбек күні" аталып өтті.
Ақтөбеде "Еңбек күні" аталып өтті. "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы алдында ұйымдастырылған мерекелік шараға өз ісін дөңгелетіп отырған 100 шақты кәсіпкер жиналды. Облыс әкімі Асхат Шахаров мерекелік шараға қатысып, облыс аумағында түрлі салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді марапаттады. Кәсібін дөңгелетіп, мемлекеттік грант иегері атанғандардың қатарында Шалқар ауданының тұрғыны Гүлдәурен Қырғызбаева бар. Жеке кәсіпкер тігін тігу ісімен айналысады. 13 жылдан бері түрлі киімдер тігіп, ұлттық киімдерін жалға береді. Көпбалалы ананың тігін тігуге деген қызығушылығы бала кезден оянған."Адал азамат - адал еңбек" тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты шара мерекелік концерт пен сондай - ақ, бос жұмыс орындар жәрмеңкесімен жалғасты. Түрлі бағытта, яғни киім тігу құлпынай, бал, кондитерлік өнімдерді дайындаумен, наубайхана, қолөнермен айналысып жүрген мамандар өз өнімдерін ортаға салды."Еңбек күні" қаламызда жыл сайын аталып өтеді. Еңбек ардагерлерінің еңбегі еленіп, кең көлемде тойланады.Количество показов: 470
Дата создания: 27.09.2023 00:15:31