Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Ерінбегеннің екі қолына бір күрек. Жұмыссыздар санын азайту қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Осы орайда жер-жерде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қызметкерлер жетіспейтін кей мекемелерде бос орындар жәрмеңкесін өткізу де дәстүрге айналған. Сондай жақсы бір игі іс Еңбек мобильдігі орталығының ұйытқы болуымен бүгін Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтті.Жалпы шараның мақсаты- жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларды тұрақты жұмыс орнына бағыттау. Сонымен қоса жәрмеңкеде мемлекеттік қайтарымсыз грант иелеріде өз туындыларын көрмеге қойды. Солардың бірі Мейрамгүл Өмірбекқызы "Балықтан жасалған өнімдер" бизнес жобасының иесі. Жеке кәсіпкер Ырғыз ауданының тумасы, көп балалы ана. 2023 жылы грант ұтып алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Аманат партиясының сайлау алды бағдарламасы бойынша жыл сайын Ақтөбе облысы бойынша 8000-ға жуық жас жұмыспен қамтылуда. Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында өткізілген жәрмеңкеде нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілді.Бос жұмыс орындары жайлы ақпарат www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталында жарияланып отырады. Күні бүгінге дейін мұнда облыс бойынша 3638 бос жұмыс орындары туралы мәлімет орналастырылған. Айта кетейік, ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірімізде 36 563 адам жұмыспен қамтылды. Оның 14 050 і жастар.
Количество показов: 322
Дата создания: 17.08.2024 08:36:51