Ақтөбеде қаза тапқан ұшқыш жер қойнына тапсырылды
Осыдан екі күн бұрын Мәртөк ауданына қарасты, Сарыжар ауылының маңында Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатқа ұшырады. Сарыжар ауылында тікұшақтың апатты жағдайда қонуы туралы хабар сағат 11:36 шамасында 103 қызметіне түскен. Өкінішке қарай жедел-жәрдем келгенше 36 жастағы азамат қаза тапты. Ал, 2 науқас ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқан екі азамат палатаға ауыстырлмақ.Өңір басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан апаттан зардап шеккен 2 науқастың жағдайын білу үшін көпсалалы облыстық ауруханаға барды. Сонымен қатар марқұм болған азаматтың ата-анасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.Орын алған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданатынын тілге тиек етті.
Ақтөбеде өртенген тікұшақтан зардап шеккен 2 азамат 33 және 27 жаста. Бірінің кеуде сүйегі сынған, денелерін күйік шалған. Біреуінің мойын омыртқасы сынған. Ал, қайтыс болған Әуе қорғаныс күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор қызметін атқарған. Қазір марқұмның артында жұбайы мен 2 баласы қалды.
Количество показов: 158
Дата создания: 12.11.2024 05:28:50