Ақтөбеде қатты желден ағаштар құлады
Бұл "Дельфин" бассейнінің алдындағы көрініс. Түнімен болған қатты дауылдың салдарынан, биіктігі 6 метрден асатын мына ағаш құлапты. Ғимараттың терезесінің тас-талқанын шыққан. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеген. Әдетте осы жерде спорт кешені қызметкерлерінің көлігі тұратын еді. Бұл жолы құдай сақтапты. Бассейн қызметкерлері кәрі ағашты өз күшімен шығарған. Алдымен бірнеше бөлікке бөліп, кейін көлік жалдап қала сыртына жөнелттік,-дейді. Мұндай жағдай қаланың өзге де бөліктерінде болуы бек мүмкін. Сондықтан, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары таң ата рейдке шығыпты. Бірақ, мемлеккеттік мекеме жол бойында тұрған ағаштарды ғана жоюға мүдделі. Ал жеке территориялар мен үйлердің ауласындағы ағаштар үшін жауап бермейміз,-деп отыр. Егер ағаш құлап, көлік немесе адам зардап шексе полицияға хабарласқан жөн. Учаскеге жауаптылар анықталып, жауапкершілікке тартылатыны анық. Содан кейін сіз мүлікке келтірілген залал туралы талап қоя аласыз. Зиянның мөлшерін анықтау үшін бағалаушы қызметін пайдалану керек. Егер залал ерікті түрде өтелмесе, оны сот арқылы өндіріп алуға болады",- дейді заңгерлер. Көліктің үстіне ағаш құлаған жағдайда оны өздігімен алуға болмайды. Шашылып жатқан бұтақтарын да жинамаған дұрыс. Алдымен бәрін фотоға және видеоға түсіріп алу қажет. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, үйдің ауласындағы ағаштарға сол жерде қызмет көрсететін компаниялар жауапты. Ал аулада тротуарға дейінгі ағаштарға үйдің тұрғындары немесе басқарушы компания жауапты. Құрылыс алаңында тапсырыс беруші жауап береді.Количество показов: 281
Дата создания: 12.07.2024 04:06:00