Ақтөбе облысында шектеу енгізіледі дегенді естіген тұрғындар азық-түлік дүкендеріне ағылып жатыр
Бүгін дүйсенбі. Ал мынау қаладағы ірі гипермаркеттердің біріндегі түске дейінгі көрініс. Облыста шектеу енгізілгелі жатыр деген ақпарат кеше кешкілік әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Құлағдар болып алған халық түнімен азық-түлік дүкендерін жағалағанға ұқсайды. Бұл гипермаркетке де кеше кешкі оннан бастап адамдар ағылған. Бүгін де солай. Ерекше режим кезінде азық-түлік дүкендері жабылмайды. Тек жұмыс істеу уақыты әдеттегіден 1-2 сағатқа қысқаруы мүмкін. Ал дүкендердегі азық-түлік қоры жеткілікті. Сөрелер қайта-қайта толықтырылып жатыр. Тапшылық болмауы тиіс.Үйден қайта -қайта шыға бермейік деп, 1-2 аптаға жететін азық-түлік қорын жасап алып жатырмыз деген ақтөбеліктердің қамданысы да дұрыс. Халықтың өзінің және айналасындағылардың денсаулығына деген жауапкершілігі байқалады.
Количество показов: 790
Дата создания: 30.03.2020 19:03:52