Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды
Өкінішке қарай, өңірімізде аудандарға қатынайтын қоғамдық көлік тапшылығы мәселесі бар. Ауыл тұрғындары екі ортаға такси қызметін пайдалануға мәжбүр. Такси әр адамнан 2500 теңгеден алады. Бала мен ересекке баға бірдей. Жолаушылар тарапынан такси жүргізушілеріне деген шағым көп. Көлік салонына 6-8 адамды тиеп алатын олар қауіпсіздік мәселесіне аса назар бермейтін сыңайлы. Оған күн сайын болып жататын жол апаттары дәлел. Тұрғындар шағымынан кейін Ақтөбе мен Шұбарқұдық ортасына қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жариялаған болатын. Енді жеке кәсіпкер «Аймұқашев» серіктестігі екі ортаға жолаушыларды тасымалдайтын болады. Жүру ақысы 1500 теңге. Бала үшін жарты ақы төлеуге болады. 4 автобус күніне 2 рет жолға шығады. Жеке кәсіпкер жол жақын арада жөнделсе, көліктердің қатынауына да, бұзылмауына да жақсы әсері болар еді,- деп отыр. Жаңа бағыт бойынша автобустар 1- маусымнан бастап қатынайтын болады.Количество показов: 574
Дата создания: 25.05.2024 06:56:05