Ауласына ағаш құлап, жүріс-тұрысы қиындаған ақтөбелік әже әкімдіктен көмек сұрайды. 80 жастағы Раиса Мельниченконың ауласына екі күн бұрын үйді айнала өсіп тұрған үйеңкі ағашы құлап түскен. Абдырап қалған қария бірден төтенше жағдайлар қызметін шақыртады. Құтқарушылар көмектескенмен кесілген ағаш сол жерде қалған. Адам бойынан асатын ағаштар жалғызбасты әжейдің жолын бөгеп, біраз қиындық туғызып отыр. Тақырыпты тілші жалғастырады. Раиса Мельниченко бұл үйде жалғыз тұрады. Жақындарынан бұл қалада тек қызы бар. Бірақ бөлек тұрады. 80 жасқа келген қария күні бойы ауласында дәнді дақылдар егумен айналысады. Кішігірім бақшасы бар. Үй құстарын өсіреді. Бірақ сүйікті ісімен екі күннен бері айналыса алмай қалған. Қатты желде үйін айнала өсіп тұрған кәрі үйеңкі ағашы құлап, бұталар бақшаға баратын жолын бөгеп тастапты.
Өсіріп отырған құстарына жаны ашыған әже, көмекке келген төтенше жағдайлар қызметінің мамандарынан кесілген ағаштарды бұлай тастап кетпеңіздер деп өтінгенін айтады. Қария қанша жалынса да жұмысшылар илікпепті. Бүгін күн ұзағы зейнеткер құзырлы органдардың барлық нөмірлеріне хабарласып шыққан. Бірақ еш нәтижесіз. Оқыс оқиғаға байланысты Алматы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы нақты жауабын берді. Жеке үйдің ауласында қазір ешқандай апатты жағдай туындап отырған жоқ. Ағаштарды сыртқа шығару құтқару қызметінің құзырына кірмегендіктен тұрғынның талап етуіне негіз де жоқ. Дегенмен қарияның жалғыз тұратындығы ескеріліп, еріктілердің көмегімен ағаштар сыртқа шығарылуы мүмкін.
Количество показов: 906
Дата создания: 26.07.2021 18:54:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>