29-ақпан күні облыстық перенаталдық орталықта 13 сәби дүниеге келді
2024 жыл-кібісе жыл. Жылдың ерекшелігі ерекшелігі бұл жылы күнтізбеде 365 емес, 366 күн бар. Кібісе жыл төрт жыл сайын бір айналып келеді. Сәйкесінше, төрт жылда бір келетін 29 ақпан кібісе күн деп аталады. Ақтөбе облыстық перенаталдық орталығында 29-ақпан күні 13 сәби дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің денсаулығы жақсы. Көктемнің алғашқы күні дүние есігін ашқан нәрестелердің саны әзір 10. Бұл түске дейінгі көрсеткіш, -дейді ақ халаттылар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, өткен күн мен келер күннің арасындағы уақыт айырмашылығы үш сағаттан аспаса, сәбидің туған күнін 28 ақпан немесе 1 наурыз деп жазуға болады. Ал басқа жағдайда туған күнді ауыстыруға рұқсат берілмейді. Нақтырақ айтар болсақ, мысалы сәбиі 29 ақпан күні 23:00-де дүниеге келген ата-ана өтініш білдірсе, баланың туған күнін 1 наурызға ауыстыруға болады. Ал 29 ақпанда түс кезінде туылған сәбидің төл мерекесі өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалады.Жыл басынан бері облыстық перенаталдық орталықта 1300 ден астам сәби дүниеге келген. 713 қыз бала мен 632 ер бала. Соңғы екі айда 15 егіз жарық дүние есігін ашыпты. Бұл сан күнде өзгеріп отырады. Өңірде, демографиялық өсім жақсы, дейді мамандар.
Количество показов: 362
Дата создания: 02.03.2024 01:44:27