№25 - ші жалпы білім беретін орта мектепте "Біз біргеміз!" отбасылық клубтың "Балалық шақтың есігі" атты кезекті шарасы өтті.
Отбасы - ең басты құндылық. Оқушылардың бойына адамгершілік қабілетті қалыптастырып, ата - анаға, жақындарына, ұстаздарына деген құрметті жақсарту мақсатында М.Әлімбаев атындағы №25 - ші жалпы білім беретін орта мектепте "Біз біргеміз!" отбасылық клубтың "Балалық шақтың есігі" атты кезекті шарасы өтті. Танымдық шара мектептің 55 жылдық мерейтойына орайластырылған. Салт - дәстүрді қастерлеу, ата - анаға құрмет көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты.Танымдық шара мерекелік концертпен жалғасты. Мерекелік шарада әр жылдардағы түлектер мен олардың сынып жетекшілеріне құрмет көрсетілді. Мектеп директоры Шолпан Баядилова отбасылық клубқа қатысушыларға ізгі тілектерін арнады. Айта кетейік, отбасылық клубтың қонақтары мен мүшелері түрлі жарыстарға белсене қатысты.Количество показов: 438
Дата создания: 04.12.2023 22:12:00