2025 жылға дейін қала бойынша 11,3 шақырым су құбыры жөнделеді
"Ақтөбе су-энерджи групп" акционерлік қоғамы инвестициялық жоба аясында 2025 жылға дейін қала бойынша 11,3 шақырым су құбырын жөндеуі тиіс. Бүгін коммуналдық мекеме мамандары атқарылған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларын пысықтады. "Ақтөбе су-энерджи груп" АҚ мамандары шаһарымызда жылумен жабдықтау желілерін жаңартып, бірқатар су нысандарын жаңғыртуды көздейді. Өйткені, қалада әбден тозығы жеткен су құбырлары бар. Бар үміт инвестициялық бағдарламаларда. Су тарифы бізде төмен,дейді кәсіпорын басшылары. 2025 жылға дейін 5 млрд 8 млн.теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге асырылуы тиіс. Оның ішінде 25 нысанда "SCADA" жүйесін жаңғырту бар. 47,6 млн теңгеге арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Құны 60 млн теңгеден астам тұратын сорғы жабдықтары алынбақ. Ақтөбеліктер үш күн ыстық сусыз отырды. Бұған коммуналдық мекеменің су құбырларын гидравликалық сынақтан өткізуі себеп. Мамандар сынақ барысында 87 жерден ақау тапқан. Осыған орай қазір қалада 22 тұрғын үй әлі ыстық сусыз отыр. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін-ертең ыстық су барлығына беріледі,дейді мамандар. Айта кетейік, 23-мамыр күні Ақтөбеде салқын су хлорланады. Тұрғындарға бір тәулік бойы ауыз суды тұтынуға болмайды.Количество показов: 1052
Дата создания: 19.05.2023 13:48:06