18-ші қаңтар православ дініндегілер үшін қасиетті шоқыну дәстүрі
18-ші қаңтар православ дініндегілер үшін қасиетті шоқыну дәстүрі. Діни жоралғыға орай төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы судағы қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігі жөнінде қала тұрғындарына ескерту жасай бастады. Биылғы қыста ауа райы құбылмалы болып тұр. Күн аяз болғанымен, артынан тез жылып кетіп жатады. Сондықтан өзен бетіндегі мұз жұқа. Топ-топ болып жүрген көп адамды мұз көтере алмауы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары ең алдымен өзенге суға шомылуға келген тұрғындар сақтық шараларына көбірек көңіл бөлуі тиіс деп есептейді. Ал адам көп жиналатын жерлерде ішімдік ішуге мүлдем тиым салынады. Биыл өзен- көлге суға шомылуға баратын тұрғындарға төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары денсаулыққа салмақ салуға болмайтынын ескертеді. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бойында әлсіздік байқалса, міндетті түрде дәрігерге барып , маманның кеңесін алған артық болмайды.
Қазір қала бойынша суға шомылатын 5 жер белгіленді. Ол жерлерде тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар мен арнайы техникалар, медицина қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істейтін болады. Жалпы 217 арнайы маман жұмылдырылады.
Количество показов: 707
Дата создания: 15.01.2021 18:55:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>