1-желтоқсаннан бастап көлікті жазғы доңғалақпен жүргізуге тыйым салынады.
Қыс мезгілі келгенімен, далада қар жоқ. Осыдан болар, көлік жүргізушілері темір тұлпарларын жазғыдан қысқы дөңгелектерге біртіндеп ауыстырып жатыр. Әйтседе, ертеңнен бастап облыста аяз күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, көктайғақ болуы ықтимал. Сондықтан, қамкөл жүрген тұрғындарға асығудың реті бар. Қазір дөңгелектер қаламызға Ресейден, Қытай мемлекетінен жеткізіліп жатыр. Сапасына қарай бағасы да әртүрлі. Дөңгелек сатумен айналысатын кәсіпкер Берік Оспановтың айтуынша, қысқы дөңгелектердің ең төмен бағасы 17 мың теңгеден басталады.1- желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелектермен жүруге тыйым салынды. Сәйкесінше, заңға бағынбаған көлік құралын басқарушыларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл тәртіп жол көлік оқиғасының алдын алу мен қауіпсіздік шараларын қолға алуға бағытталған.Количество показов: 366
Дата создания: 05.12.2023 23:25:45