1-тамыз күні "Мектепке жол" акциясы басталады
Ертең Ақтөбеде "Мектепке жол" акциясы басталады. Дәстүрлі шара аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындалуына көмек көрсетуді көздейді. Сонымен бірге балғындардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуын болдырмау.Акцияға аудан, қала әкімдіктері, қайырылымдық қорлары мен кәсіпкерлер атсалысуы тиіс. Жиналған қаражатқа мектеп формасы, спорттық киім, кроссовки, мектеп сөмкесі мен оқу құралдары сатып алынады. Бұдан бөлек жағдайы төмен отбасы тәрбиленушілеріне қаржылай көмек қарастырылған. Биыл әр балаға 43 407 теңге деп бекітіпті. Ол үшін ата-ана жағдайын айтып, қолына дәлелдейтін құжаттарын алып мектепке баруы тиіс. Балалардың күлкісі-қуаныштардың төресі. Ал әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға көмектесемін деген ақ ниетті азаматтар болса, 56-85-24 телефонына хабарласып, қол ұшын беруге болады. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады.Количество показов: 344
Дата создания: 01.08.2024 14:59:09