1-қазаннан бастап өңірдегі әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал, көпқабатты үйлер жылдағыдай жылуға 15-қазанда қосылады. Облыстың жылыту маусымына дайындығы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айбек Қайыр мәлімдеді. Ағымдағы жылы өңір кәсіпорындары мен инфрақұрылым нысандарын жылыту маусымына дайындау жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 12,6 млрд. теңге бөлінген. Оның 1,1 млрд. теңгесі нормативті отын қорын құруға жұмсалады. Облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жылу желілеріне жүргізіліп жатқан ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары 1-қазанға дейін 100% дайын болады.
Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті 35 мың тоннаға жуық көмір мен 2 мың тонна дизель отыны толығымен тасымалданды.
Басқарма басшысы, сондай-ақ, облыс орталығында жылу желілеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына тоқталды. Айтуынша, 312-атқыштар дивизиясы даңғылында, ескі қалада және 11-шағын ауданда жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
Аталған учаскелердегі жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтаймыз деп сендірген басқарма басшысы, қазанның 1-інен бастап өңірдің әлеуметтік нысандарына жылу берілетінін айтты. Ал, көппәтерлі үйлерге жылуы жылдағыдай 15-қазанда беріледі.
Количество показов: 743
Дата создания: 28.09.2020 19:37:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>