Құрылыс жұмыстары күзге дейін аяқталады ма?
Облыста су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа баспанаға кіре бастады. Құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Күзге дейін барлығы үйлі болуы тиіс. Бұл жергілікті биліктің уәдесі. Біреулер қаладан пәтер таңдаса, басқалары жер үйді алып жатыр. Әйтеке би ауданында бұл жұмыстар белсенді атқарылуда. 25 адам су жаңа үйіне кіріп те үлгерген. Темір Жүргенов ауылында 3 отбасыға арналған үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Көктемгі тасқын кезінде ауданды су басып, 150 ге жуық отбасы зардап шекті. Комиссия мүшелері тексеріп, 51 тұрғын үйді тұруға жарамсыз деп таныды. Бұл отбасыларға жергілікті билік баспана беруге уәде берген болатын. Ал 25 отбасы екінші нарықтағы дайын үйге кіруге келісті. Қалған 26 на жаңа баспаналар салынып жатыр. Жылуы, жарық пен суы да өткізілген. Аудан әкімінің айтуынша, бүгін-ертең шатырлары жабылып, есік, терезелері салынып бітуі тиіс. Ал ішін сырлап, әктеу жұмыстары қиын емес. Жалпы өңірімізде су тасқынынан 4 мыңнан астам үй зардап шекті.Оның мыңға жуығы апатты жағдайда деп танылған. 3 мың үй қайта жөнделіп, 475 тұрғын дайын баспана алады. Салынып жатқан жаңа баспана саны 517.Количество показов: 291
Дата создания: 17.07.2024 07:28:21