Өңірде 2-ші тамыздан бастап қатаң шектеу шаралары енгізіледі
Ақтөбеде күн санап коронавирус жұқтырушы тұрғындар саны артып барады. Өткен тәуліктің өзінде 230 адам жаңадан вирус жұқтырған. Өкпесі қабынған 13 тұрғын ауруханаға түскен. Тағы 800 адам ауруханаларда кешенді ем қабылдап жатыр. 67 тұрғынның жағдайы орташа ауыр. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. Құжатта сенбі, жексенбі күндері қызмет көрсету орындары мен түрлі әлеуметтік нысандардың жұмысына шектеу қойылатындығы көрсетілген. Қоғамдық көліктер тоқтайды. Қаулыдағы шектеуді негізге алмаған кәсіпкерлік нысандарына айыппұл салынады.Облыс бойынша 1072 нысан "Ашық" қосымшасына қосылған. Дегенмен жобаға қосылған нысандардың да демалыс күндері жұмыс жасауына рұқсат жоқ. Локдаун уақытында мониторгтік топтардың жұмысы қызады.
Количество показов: 812
Дата создания: 29.07.2021 18:12:11