Өңірде 172 мың 861 адам онлайн санақтан өтіп үлгерген
Санақ науқаны жұмыстарына волонтерлер және студенттерді интервьюер ретінде тарту жайы қарастырылған. Төленетін ақы да қомақты, 45 күнге 120 мың теңге жалақы беріледі. Санақ қызметкерлері вакцина алуы міндетті. Қазір санақ тек қана онлайн жүргізіліп жатыр. Арнайы сайтқа кіру үшін ешқандай электронды цифрлық қолтаңба қажет емес, тек жеке сәйкестендіру нөміріңізді білсеңіз болды. Бұл жүйеге телефон нөмірі, электронды пошта арқылы да кіруге болады. Сайт виртуалды көмекшінің көмегімен өздігінен санақтан өтуге және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Анкета 91 сұрақтан тұрады. Сонымен бірге «Электрондық үкіметтің» порталы арқылы да санаққа қатысуға болады.
Количество показов: 629
Дата создания: 17.09.2021 19:29:57