Өңір "жасыл" аймақта
Үлкендер әлі де сақтық шаралары қамтамасыз етілуі керек, арқаны кеңге салатын уақыт әлі келген жоқ деп есептейді. Ал, жастар жағы дәмханалар мен түрлі көңіл көтеретін орталықтар, түнгі клубтардың жұмыс жасау уақыты ұзартылатынын естіп, қуанып жатыр. Жалпы республика бойынша халықты індетке қарсы вакцинациялау жұмыстары 60 пайызға жеткен. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру шаралары күшейтілген сайын қауіп төмендеуде. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметтері бойынша, енді шектеу шаралары жұмсара бастады. Мәселен "жасыл" аймақта орналасқан үлкен қалаларда "Ashyq" жобасын толық жүзеге асырып отырған қоғамдық орындарға таңғы сағат 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Количество показов: 672
Дата создания: 14.10.2021 18:45:48