Жаңқожа батыр көшесін жөндеу жұмыстары кешеуілдеп тұр
Жаңқожа батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары аяқсыз қалды. Жолға асфальт жабынының екінші қабатын төсеу жұмыстары әлі жүргізілмеген. Жөндеу барысында жол жиегіне жиектастар орнатылып, су ағатын арықтар салынды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жол да жасалды. Мердігер мекеме қазір жауын-шашынды ауа райы жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға кедергі болып отырғандығын жеткізді. Ауа райы жылы температураға көтерілген соң жолдың асфальт жабыны қайта төселеді. Жөндеу жұмыстары нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Толық жөнделмеген жол көліктерге кедергі. Шұрық-тесік жол жамалмағандықтан күйі кетіп қалған. Айнала тегіс емес, беті ашық құдықтар кездеседі. Бұл жүргізушілерге, тұрғындарға қауіп. Мердігер ұйымның айтуынша, көшедегі абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Жол жиегіне жиектастар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сондай-ақ су ағарлар пайда болады. Жөндеу жұмыстары Некрасов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі 640 метрлік аралықты қамтиды.Количество показов: 11
Дата создания: 08.10.2026 09:20:31



















