Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта енді жаяу серуендеуге мүмкіндік туады
Тұңғыш Президент атындағы саябақта жаңғырту жұмыстары кезегімен орындалуда. Бүгін концерттік сахна алдындағы алаңда жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазір мұнда орталық серуендеу алаңы абаттандырылып, бірқатар нысан жаңартылған. Шағын сәулет нысандары орнатылып, саябақ орталығында тастөсеуіштер төселген. Ал жан-жағына жаңадан салынған сауда павильондары ықшамдалған. Себебі жергілікті халық пен қонақтарға серуендеу аумақтарының кеңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Саябақты дамытуға алдағы он жылда шамамен 1,5 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Айта кетейік, жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген. Тұңғыш Президент атындағы саябақ біртіндеп жаңа кейіпке еніп келеді. Алдағы жоспардың бірі - саябақты айнала ұзындығы шамамен бір шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын салу. Жаңғырту жұмыстары бірнеше кезең бойынша жалғаспақ.Количество показов: 9
Дата создания: 09.10.2026 09:33:50



















