Облыс бойынша АИТВ вирусы 48 адамда анықталған
Биыл облыста АИТВ инфекциясы бойынша тіркелген адамдар саны - 48. Олардың - 35-і ер адам, 12-сі нәзік жандылар. Иммун тапшылығы вирусы бір шетел азаматынан анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, аталған вирустың басым бөлігі жыныстық жолмен таралған. Мамандар жұқпа ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін екенін де алға тартады. Сондықтан АИТВ-ны дер кезінде анықтау үшін тексеруден уақытылы өту маңызды. Оған қоса, иммун тапшылығы вирусын анықтауда заманауи технологиялардың мүмкіндігі артып келеді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының зертханасы жаңа автоматтандырылған құрылғылармен толыққан. Бұл зерттеу уақытын қысқартып, нәтижелердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Зертханада АИТВ-инфекциясына қатысты қан талдаулары облыстың барлық аумағынан қабылданады. Осы мақсатта орталықта жаңа буындағы ағындық цитометр пайдалануға берілген. Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммунологиялық жағдайын бақылауға және антиретровирустық терапияның тиімділігін бағалауға көмектеседі.Количество показов: 10
Дата создания: 09.10.2026 09:30:57



















