Дроппер - алаяқтардың ақшасын өткізетін "қол"
"Дроппер дегеніміз кім?" Бүгін осы тақырыпта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Суденттер сарайында жиын өтті. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының мамандары жастарға түсіндірме жұмыстарын ойын түрінде жеткізді. Дроппер - алаяқтардың ақшасын өткізетін "қол". Бұл термин қазір қоғамда кең тарап кетті. Қауіпті істің алдын алу мақсатында жауапты мамандар жан-жақтан тұрғындарға түсіндіруге тырысып жүр. Әртүрлі форматта түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осындай маңызды кездесудің бірі бүгін Студенттер сарайында өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері мен облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Дроппер - алаяқтық схемада делдал ретінде пайдаланылатын адам. Заңсыз жолмен табылған ақшаны алаяқтар дропперлер арқылы қолма қол ақшаға айналдырады. Осал топтардың қатарына студенттер, жұмыссыз және үй-жайы жоқ адамдар кіреді дейді мамандар. Бүгінгі шараға банк қызметкерлері де шақырылған. Олар дропперлердің банктік операцияларды қалай пайдаланатынын айтып берді. Жастар өз қатарластарына қауіпті істі қойылым арқылы жеткізді. Жадан Бисенбиннің сөзінше, былтыр ел бойынша 30 мыңнан астам дроп карта тіркелген. Мамандар көп адам өзінің дроппер екенін түсінбей қалады дейді. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Былтыр 16-қыркүйектен бастап заңмен нақты бекітілді. Бұрын дропперлер көбіне куәгер немесе сыбайлас ретінде ғана қаралса, енді олар тікелей жауапқа тартылады.Количество показов: 17
Дата создания: 23.01.2026 09:16:55



















