Бүгін - Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күні
Бүгін - облыстағы үздік экскурсовод анықталды. Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өтті. Оған өңірдегі барлық музейден 15 адам қатысқан. Сала қызметкерлері бір елдің ғана емес, әлем тарихын, мәдениетін білуі қажет. Байқаудың мақсаты- аймақтағы экскурсия жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттырып, мамандыққа қоғамның назарын аудару. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Облыс музейлеріндегі экскурсиялық қызметтің дамуына ықпал ету маңызды, дейді Медет Құлмұқанов. Байқауға қатысушылар осылай бір-бірімен тәжірибе алмасады. Облыстық, аудандық музей қызметкерлерімен қатар сайыста Жас туристер станциясының да мамандары бақ сынады.Облыстық тарихи-өлкетану музейіне жиналғандар көп. Экскурсоводтар музейдегі экспонаттардың көмегімен шеберліктерін көрсетті. Өз музейін таныстырып, қызметіндегі шеберлігін де өзгеге паш етті. "Үздік эскурсовод" байқауы былтыр басталған. Алғаш оқушылар арасында өткен. Енді дәстүрлі шараға айналмақ.
Количество показов: 244
Дата создания: 22.02.2025 00:13:59