Аула чемпионаты өтті
Конституция күні ауланың кішкентай тұрғындары үшін ерекше есте қалады. Жаздың соңғы шуақты күнінде көпқабатты тұрғын үйдің ауласы балғындардың шат күлкісіне толып, көңілді эстафетаның шымылдығы Мемлекеттік гимнмен ашылды. Үш топқа бөлінген он бес бала доп қуып, секіргішпен жарысып, түрлі тапсырмаларды қызыға орындады. Балғындардың әр қимылынан жасандылық емес, шынайы қуаныш пен жарысқа деген ынта бар. Бірі ептілік танытса, бірі шапшаңдығымен ерекшеленіп, әрқайсысы өз командасының жеңісіне үлес қосты. Ата-аналар да қарап тұрмады, қол шапалақтап, демеп, балалардың әр жетістігіне бірге қуанды. Шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытты дәстүрге айеналмақ. Өйткені қатысуға ниетті аула баласы көп. Балалық шақ ойынсыз өтпек емес. Бүгінгі күннің шындығы – смартфонға телміріп отырған бүлдіршіндер қаншама. Ал мұндай бастамалар сол әдетті бұзып, балаларды таза ауада ойнап, еркін қимылдауға шақырады. «Көңілді старт» эстафетасы соның айғағы.Количество показов: 15
Дата создания: 03.09.2025 08:01:56