Ақтөбеде 7 лагерь жұмыс істеп жатыр
Жазғы демалыс. Тоғыз ай кітаптан басын алмаған оқушылардың сауық-сайранға салатын кезі. Бала қуанғанымен ата-ана үшін бұл үш ай алаңсыз өтпейді. Күні бойы жұмыстағы ересектер үйдегі перзентін уайымдаумен болады. баланың бос уақытын тиімді өткізудің бірден-бір жолы-лагерьге беру. Қауіпсіз әрі пайдалы. Бала өз ортасымен араласып, танымын кеңейтеді, дейді педагогтар.Жылдағы дәстүр бойынша №51 гимназия да мектеп жанындағы лагерінің жұмысы қызып жатыр. 6- маусымнан бастап жұмыс істеуде. Лагерь 2 аусым бойынша жұмыс істемек. Алғашқысына 85 бала қабылданды. Келесі аусымда 75 баланы қабылдау жоспарланып отыр. Балалар 4 мезгіл тамақтанып, эскскурсияларға шығады. Шаһарымыздың киелі жерлері мен тарихи орындарын аралайды. Киноға барып, суға да шомылады. Арнайы бағдарламамыз бар, дейді жауаптылар.
Балалар лагерьге қуана келетінін айтады. Бұл жерде жаңа достар тауып, қызықты жерлерге барып, мектеп ішінде де түрлі ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізетіндерінжеткізді.
Ақтөбеде биыл 7 лагерь жұмыс істейді. Оның екекеуі ғана мемлекеттік. қалғаны жекенің қолындағы лагерьлер. Бұдан бөлек 699 мектеп жанындағы лагерь мен 49 қосымша білім беру ұйымдары жанындағы жазғы алаңдар жұмыс жасап жатыр. Биыл шаһардағы 18 колледждің базасында кәсіптік бағдарлау лагерлері ашылады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «SKILLS CAMP» ЖОБАСЫ жобасы шеңберінде 3000 оқушы уақытша «студенттік билет» алып, 2 апта колледждерде инженерлік, компьютерлік графика, Web-дизайн, ақпараттық кабельдік желілер, робототехника, электроника, шаштараз ісі, аспаздық, көлік жөндеу бойынша алғашқы дағдыларды меңгеріп шығатын болады.
Количество показов: 42
Дата создания: 20.06.2025 09:27:05