Ақтөбе тұрғындары лифт тауқыметін тартып келеді
Шаһардағы лифттердің жағдайы алаңдатарлық күйде. Істен шыққаны қаншама. Солардың бірі -Рысқұлов көшесіндегі 12 үйдің 1-корпусындағы жедел саты. Істен шыққанына биыл 4ші жыл. Алғашқы жылдары тұрғындар өздері амалдап көрген. Соңғы үш жылда шенеуніктерден көмек сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырыпты. Алайда, нәтиже жоқ. 9 қабатты үйде 36 пәтер орналасқан. Барлығының тұрғыны бар. Көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар көп. Көтеріліп, түсуі мұң. Таза ауаға зар болып, пәтерінен шыға алмай отырғаны қаншама. Тұрғындардың жан айқайына құлақ асар жан жоқ. Көп қабатты тұрғын үй 1991 жылы пайдалануға берілген. Жедел саты да 30-жылдан астам қызмет қылған. Соңғы 4 жылда біраз тұрғыны көшіп кетіпті. Тұрғындар жеделсатыны өздері-ақ жөндетуге ниеттенген. Бірақ, пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан техниканы тұрғындар жөндей алмайды. Терможаңғырту бағдарламасына да кезекке тұрып қойыпты. Қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандары лифтті жөндеуге қаржы тек республикалық бюджеттен бөлінеді, дейді. Екі жыл қатарынан ақпанда 130-дан астам жеделсатыны жөндеу жөнінде тапсырыс өткізген. Қала бойынша тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарда орналасқан 1274 жеделсаты бар. Пайдалану мерзімі 25 жылдан асып кеткен лифттер көп. 138 жеделсатыға үкіметтен қаржы бөлуге тапсырыс берілген. Алайда, қанша жылдан бері ақша жоқ. Нұржан Нағметовтың сөзінше, биыл бүгінге дейін жеделсатыларды ауыстыру немесе жөндеуге қаржы бөлінбеген. Бөлінгендігі туралы ақпарат та жоқ. Қашан қаржы қарастырылатыны да белгісіз.Количество показов: 14
Дата создания: 22.04.2025 11:42:19