Зиянды жұмыста істейтін заматтарға арнаулы әлеуметтік төлем төленеді.
Мемлекет басшысы зиянды өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл заң аясында зиянды өнеркәсіп орнында еңбек ететін зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерге жаңа арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Қазақстандықтар оны 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін алуға құқылы. Бірақ ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында азаматта кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиналуға тиіс.Ауыр және зиянды өндірісте жұмыс жасайтын және 55 жасқа толдған азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер теленетін болады. 55 жасқа толған және өндірісте 7 жыл кәсіби жарналары болуы шарт. Биылдан бастап зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі. Бұл жұмысшылардың жалақысынан емес, жұмыс берушінің шығынына жататын болады.Количество показов: 245
Дата создания: 04.01.2024 22:42:15