Жылжымайтын мүлікті бір күнде тіркетуге болады
Жылжымайтын мүлкіңді тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Үйде, болмаса мекемеде отырып электрондық тіркеуді жүзеге асыруға болады. Уақыт және қаражат жағынан тиімді жүйені жыл басынан бері 52 ақтөбелік пайдаланған. Электрондық жүйенің тиімділігін түсініп, ісіне жаратқан ақтөбеліктер республика бойынша көш бастап келеді. Бұл ең алдымен пәтер сатып алып, сататын, ауыстыратындар үшін ыңғайлы. Бір жағынан мөр басқан қағазға көміліп, мойын бұра алмайтын мамандар үшін де өте тиімді. Халыққа қызмет көрсету орталығының да жұмысы біршама жеңілдеді. Электрондық жүйе өз күшіне енгелі бері. Бұрын орталықта құжат 5 күн бойы рәсімделетін. Ал баж жалығы 5 айлық көрсеткіш есебінде 5 мың теңгеден асатын. Енді электронды жүйеге көшкеннен кейін баж салығының көлемі небары 800 теңге шамасында. Алайда кейбір азаматтар электрондық қағаздан гөрі мөр басылған құжатқа көп сенеді. Дегенмен заман талабына да икемделген абзал дейді Әділет басқармасының өкілдері. Егер осы электрондық жүйеге барлық ақтөбеліктер көшетін болса, уақытын да қаражатын да үнемдейтіндігі дәлелденіп келеді. |
Количество показов: 2222
Дата создания: 21.02.2013 19:09:53