Жыл басынан бері облыста 500 - ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелді.
Биыл облыста жол көлік оқиғасы көп болды. Зардап шеккендер де аз емес. Өкініштісі жол апатынан құрбан болған жасөспірімдер саны өскен. Жыл басынан бері облыста 500 - ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 748 адам зардап шегіп, 118 адам көз жұмды. Жан тапсырғандардың 15 - і кәмелетке толмаған балалар.Жылдамдықты асыру. Жауапсыздық. Жантүршігерлік жол апаттарының басты себептері осылар. Бұған жолдың сапасыздығын қосыңыз. Жоғары жылдамдықпен жүруді жаман әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен елімізде күн сайын жол-көлік апаты болып жатады. Екі күннің бірінде күре жол үстіндегі қайғылы оқиға тіркеледі. Жол көлік оқиғасының негізгі бөлігі халықаралық және республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолында орын алған. Дәл осы тас жолда 80 нен астам көлік апаты болыпты. 40 қа жуық адам қаза тауып, 183 адам жарақат алған. Прокурорларлар өңірде орын алған жол апаттарына мониторинг жүргізді. Жүйіткіп жүретін жүгенсіз жүргізушілер, жолда қалғып кету, жарысу сынды факторлар себеп. Жолдардың сапасы да сын көтермейді. Шұрық-тесік асфальтпен қатынау қиын. Прокуратура "ҚазАвтожол" серіктестігіне нұсқаулық берді. Мекеме жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Количество показов: 312
Дата создания: 26.12.2023 21:47:00