Ақтөбеде көлікпен жаяу адамды қағу оқиғалары көбейіп барады. Қалалық жедел жәрдем бекетінің бригадасы кеше жол-көлік апатынан зардап шеккен төрт адамды ауруханаға апарған. Таңертең Қонаев көшесінде екі көлік соқтығысып, 20 және 57 жастағы екі әйел бас-ми жарақатын алған. Қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал, кешкі сағат бесте Рысқұлов көшесінде жолаушылар таситын №18-автобус жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 16 жастағы қызды қағып кеткен. Ол ашық бас-ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына әкетілді. Дәрігерлер қыздың хәлі тұрақты ауыр дейді. Қалалық сүт зауыты ауданында айналма жолда көлік астына түскен ер адамның да жағдайы ауыр.
Жаяу адамды қағып өту деректері қалада көбейіп барады. Өткен сенбіде Ахтанов көшесінде жолдан өтпек болған екі әйелді автобус түйіп кеткен еді. Біреуі сол жерде қайтыс болды. Ақтөбеліктер жүргізушілердің үнемі асығып, қатты жылдамдықпен жүретінін айтады. Автобустар мен жеңіл көліктердің жолдағы жарысы әдетте қайғылы оқиғаға әкеп соқтырады.
Количество показов: 1574
Дата создания: 16.03.2017 18:16:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>