Жедел жәрдемнің келу уақыты жеделдік санатына байланысты.
Қазақстандықтар денсаулығына байланысты үйіне кез келген уақытта жедел жәрдем қызметін шақыра алады. Бұл әрі тегін. Тұрған орнын, науқастың жағдайы туралы мәліметті хабарласа жеткілікті. Алайда, жедел жәрдемнің келу уақыты жеделдік санатына байланысты. Толығырақ келесі бейнематериалда.Жедел жәрдем мамандарының мәлімдеуінше, шұғыл медициналық көмек көрсету жеделдіктің төрт дәрежесімен таңбаланады. Мысалы, инсульттің ауыр түрлері, жүрек талмасы, ауыр жарақат алу кезіндегі шақырулар бірінші дәреже қатарына кіреді екен. Мұндай жағдайда жедел жәрдемнің келу уақыты барынша тез болатыны айтпаса да түсінікті. Босану, қан кету, дене жарақаттарын алу сынды шақыртулар да жедел санатқа жатады. Екінші, үшінші, төртінші санат тағы бар. 1,2,3 санатты 103 пультінде отырған диспетчер анықтап жедел-жәрдем бригадасынжібереді. Ал 4-ші санатқа тұрғылықты мекен-жай бойынша емхана бригадасы барады.
Жедел жәрдем ұзақ уақытқа кешіксе, оның арты өкінішті жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан ел ішінде бұған қатысты тұрғындар тарапынан әртүрлі өкпе реніш көп. Әр емханада жедел жәрдем қызметі бар. Егер сіз осы мекемеде тіркеуде тұрсаңыз шақырта аласыз.
Күн-түн демей жұмыс істейтін станса тәулігіне шамамен 1800-2000 ға дейін шақырту қабылдайды. Оның 700-800 балаға шақырту. 103 жедел-жәрдем орталығында 52 бригада жұмыс істейді. 36 сы қалада, 16 ауылдарда. Қазіргі ахуалдық жағдайға байланысты тағы 5 бригада іске қосылған. Емханалардың да жұмысы қауырт. Шақырту көп. Әсіресе, қазір қызылша мен жедел инфекциялар өршіп тұрған дәрігерлерге тыным жоқ.
Количество показов: 455
Дата создания: 23.12.2023 01:22:08