Жастар саясаты жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
Былтыр жастар тәжірибесінен өткен үш мыңға жуық жастың 400-ден астамы ғана жұмысқа орналасқан. 398 қыз-жігіт "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы ауылдық жерлерге қызметке тұрды. Дегенмен, біздің облыста жастарға қатысты шешілмеген мәселелер өте көп. Облыстың белсенді жастары бүгін бас қосып, осы проблемаларды шешудің жолдарын қарастырды. Жастардың мәселесін өздерінен артық ешкім білмейді. Жоғары білімнің барын дәлелдейтін дипломды қолға алған соң, ешқандай тәжірибесіз қызметке орналасудың қаншалықты қиын екені жұмыссыз жүрген жастарға аян. Қазір біздің облыста 18 бен 29 жас арасындағы 241 мыңнан астам тұрғын бар, оның 107 мыңы ауыл жастары. Толығымен болмаса да, жастардың біраз бөлігі еңбекке еркін араласып кеткен аудандардың бірі - Мұғалжар ауданы. Былтыр біздің облыста 2 мыңнан астам жас "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасына қатысып, 443-і жұмыс тапқан. 24 жас өзінің шағын ісін ашып, тағы 36-сы кәсіпкерлікке үйретілді. Бозбала мен бойжеткендерді іскерлікке баулу бағдарламасы биыл да жалғасады. Бүгінгі жиында бас қосқан қала, аудан, ауыл жастары өз ұсыныстарын ортаға салып, осы жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Сондай-ақ, жыл бойына жастар саясатын белсене жүзеге асырған бірқатар ұйымдар мен тұлғалар марапатталды. Атап айтқанда, жылдың үздік жастар ұйымы болып "Жас күш" жастар қоғамдық бірлестігі танылды. Бәйішев атындағы университет - жастар саясатын белсенді жүзеге асырған оқу орны. Ал, Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі үздік бөлім аталды. |
Количество показов: 2536
Дата создания: 08.01.2013 11:57:14