Жастар ескерткіштерді қорғайды
Қарғалы ауданында анықталған тарихи мұралардың тізімі жасалып, облыс әкімінің қаулысымен бекітілген соң, мәдениет министрлігіне жолданады. Ал, археологтар қазір өзге аудандарда осындай зерттеулер жүргізуге кіріскен. Біреуінің қазба жұмысын жүргізу үшін кем дегенде 2 миллион теңге керек. Қаржыны жыл сайын мәдениет басқармасы бөледі. Ал, жастар қолда бар ескерткіштерді сақтау ісіне үлес қоспақ. Олар бүгін "Ескерткіштер - ел тарихы" акциясын жариялады. Жоба аясында жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін мекемелердің студенттері қаладағы ескерткіштермен танысады. Танысып қана қоймай, оларды күтіп-ұстауды өз міндеттеріне алады.
Количество показов: 1619
Дата создания: 18.05.2017 18:52:06